Төтенше жағдай және карантин кезінде адамдар ғана емес, жануарлар да көмексіз қалмауы керек. Ветеринариялық емханалар мен зоодүкендер жұмыстарын жалғастыра береді.
Соңғы кездері Атыраудағы кейбір ветеринариялық емханалар өздері немесе полицейлердің бұйрығымен жабылып қалды. Алайда олардың жұмыстарына ешкім тыйым салған жоқ. Осыған қатысты қала әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ түсініктеме берді:
- Карантин енгізу туралы қаулыда бизнес субъектілерінің осы санатына қатысты шектеулер жазылмаған. Бірақ олар санитарлық және эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтап жұмыс істеуі тиіс. Адамдардың топталып жиналуына жол беруге болмайды.
Зульфия ИСКАЛИЕА
Суретті түсірген автор