Атырау, 27 желтоқсан 03:56
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Бас прокуратураның талабы бойынша Қазақстанда 15 шетелдік ұйым террористік деп танылды

1 784 просмотра

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Бас прокуратураның талабы бойынша Қазақстанда 15 шетелдік ұйым террористік деп танылды.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен конференция барысында сөз сөйлеген ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай мәлім етті.

«Біз уәкілетті мемлекеттік органдармен және шетелдегі әріптестерімізбен бірлесе отырып экстремистік сипаттағы ұйымдардың жолын кесу жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеміз. Осыған орай, Бас прокуратураның талап етуі бойынша алғаш рет 2004 жылы Жоғарғы сот Қазақстанда  халықаралық террористік әрекеттерге қатысы бар делінген 4 ұйымның жұмысын жойды. Атап айтқанда, әлгі ұйымдар «Әль-Каидамен», «Шығыс Түркістанның ислам партиясымен», «Күрд халық конгресімен», «Өзбекстан ислам қозғалысымен» байланысы бар болғаны анықталған», - деді И.Меркель.

Оның айтуынша, террористік деп танылған ұйымдар негізінен дінаралық алауыздықты өршітуді насихаттап, адам ұрлаумен айналысқан.

Дереккөз: inform.kz

22 қараша 2012, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.