Атыраулық дәрігерлер тағы үш жергілікті тұрғыннан COVID-19 індетін тапты.
Қауіпті дертке шалдыққандардың жеке тұлғалары анықталды, олар қазіргі таңда инфекциялық стационарға оқшауланған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысында қауіпті дертті жұқтырудың 14, 15 және 16-шы жағдайы тіркелді. Олардың 20 жасар жігіт, 37 жастағы ер адам және 28 жастағы әйел екені айқындалды.
Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарда оқшауланған, олармен байланыста болғандар анықталып, байланысушыларды карантиндік стационарға оқшаулау шаралары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда - 16 емделуші, провизорлық стационарда - 39, карантинде 116 адам бар.