Атырау, 19 сәуір 13:26
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ТШО облысқа медициналық құрал-жабдықтар табыс етті

3 521 просмотра


«Теңізшевройл» компаниясы Атырау облысына COVID-19 індетінің таралуын болдырмау мақсатында қажетті медициналық құрал-жабдықтар жеткізді.

Сатып алудың жалпы сомасы - 1,3 миллиардтан астам теңге, - деп хабарлады ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ.

Берілген құрал-жабдықтар пандемияның алдын алуға,онымен күресуге және медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл тізімде  бір рет қолданылатын қорғаныс костюмдері, медициналық маскалар, реанимация және тыныс алу құралдары, екі жедел жәрдем көлігі және тепловизорлар, залалсыздандырушы құралдар, биологиялық материалдарды тасымалдауға арналған контейнерлер бар.

Сонымен бірге, осы бастама аясында ТШО Атырау-Астрахан трассасында карантин бекетін жабдықтады және Атырау облысындағы Ұлттық сараптама орталығының зертханаларына COVID-19 індетін анықтау мүмкіндіктерін арттыру үшін қажетті жабдықтар мен құралдарды табыс етеді.

31 наурыз 2020, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.