Атырау, 6 желтоқсан 09:50
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Облыс қыркүйекке дейін ұнға тапсырыс берді

3 433 рет қаралды


«19 тізімнен» басқа, Атырау облысы әкімінің тапсырмасымен қазір 35 түрлі азық-түлік өнімдерінің бағалары мен қорлары бақылауға алынды. Бұлар - қияр, қызанақ, сарымсақ, тұз, алма, нан, шұжық, консервілер, балық және т.б.

- Қыркүйек айына дейін ұн мен нан жеткілікті болуы үшін біз Ауыл шаруашылығы министрлігінен 17 мың тоннадан астам ұнға сұраныс жібердік. Облыс ай сайын 700 тонна ұн мен 3700 тонна нан-бөлке өнімдерін тұтынады, - дейді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат НҰРЛЫБАЕВ.

Оның айтуынша, өңірге өнімдер жеткізу тоқтатылған жоқ: соңғы аптада 3 тонна қаймақ, 16 тонна кондитерлік өнімдер, 28 тонна сүт, 51 тонна көкөніс, 2 тонна тауық еті, 2 тонна май, 20 тонна картоп, 16 тонна балық және т.б. әкелінген.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

31 наурыз 2020, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.