Атырау, 27 желтоқсан 03:44
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Челах бейнежазбада «Арқанкергендегі» қырғыннан кейін ешкімнің тірі қалуы мүмкін емес екенін айтады

1 837 просмотра

Тергеу абақтысында жасырын түсірілген бейнежазбада 15 адамды өлтірді деп айыпталып отырған В.Челах «Арқанкергенде» өзі жасаған қырғыннан кейін ешкімнің тірі қалуы мүмкін емес екенін айтады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысынан.

«Ешкімнің тірі қалуы мүмкін емес. Ондай қырғыннан кейін мүмкін емес. Ажалсыз болу керек», - дейді Челах бейнежазбада.

Сондай-ақ ол өзінің абыройын қорғағанын, әлі де бәрі жақсы болатынын, тек өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын бермесе болғаны дейді.

Еске сала кетейік, сот отырысы Челахтың қатысуынсыз өтіп жатыр. Кеше ол таңертең өткен отырыста, осы жазбаны көрсетуге судья рұқсат берген кезде, өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Оған медициналық көмек көрсетілді. Ал түстен кейін қорғаушы Челахтың сотқа қатысудан бас тартқанын жеткізді. Заң бойынша сот отырысы айыпталушының қорғаушысының қатысуымен өткізіле береді.

Дереккөз: bnews.kz

22 қараша 2012, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.