Атырау, 20 сәуір 09:17
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда теміржол вокзалына кіруге қатаң шектеу қойылды

Сурет
4 560 просмотра


Атырауда төтенше жағдайға байланысты  теміржол вокзалына кіруге қатаң шектеу қойылды. Бұдан былай   билеті бар жолаушыларды кіргізіліп,  қалаға келген азаматтарды  ғана шығарады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Ел ішіндегі  «Нұр-Сұлтан-Атырау», «Алматы-Атырау» бағыттарына да шектеу қойылды.   Ал, Нұр-Сұлтан бағытындағы Бурабай курорты станциясы мен Шу станциясынан бері қарайғы рейс жұмысы тоқтатылмайды. Шектеу қойылмайтын рейстер қатарында «Атырау-Маңғыстау», «Атырау-Ақтөбе» бағыты да бар. 


- Қазіргі таңда теміржол вокзалында әр үш сағат сайын дезинфекция жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар, енді поездардың барлығы бірінші бағытта жүреді. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр, - дейді Атырау магистралдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаров. 


Бұдан бұрын  Нұр-Сұлтан, Алматы қаласына билеттерді тапсыру кезінде теміржол вокзалында  халық көп шоғырланған болатын. Бүгінде  ол мәселелер шешімін тауып, атыраулықтардың барлығына ақшалары түгел қайтарылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі


28 наурыз 2020, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.