Атырау, 27 сәуір 02:21
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атыраудағы 21 байланысушыда коронавирус инфекциясы расталмады

3 419 просмотра


Сондай-ақ, COVID-19 жұқтырушыларды  тексерген төрт медицина қызметкерлерінің тест қорытындылары да теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының  хабарламасына сәйкес, Атырау облысындағы коронавирус жұқтырған  төрт науқаспен   21 адамның  байланыста болғаны  анықталды. Олардың барлығы  коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған экспресс-тесттен  өтті. Талдау  нәтижелері теріс нәтиже көрсеткен. Олар 14 күн бойы карантинде болады.

Сонымен қатар, COVID-19 жұқтырушыларды  тексерген төрт медицина қызметкерлерінің тест қорытындылары да теріс нәтиже көрсетті.

28 наурыз 2020, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.