Атырау, 20 сәуір 06:30
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау облысында коронавирусты анықтайтын 700-ге жуық сынама тест бар

3 584 просмотра


Сынама топтамалары  қосымша қажет болған жағдайда керекті  мөлшерде тағы   жеткізілетін болады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның бар-жоғын тексеретін экспресс-тестілері  шет елден келгендерге және  жергілікті емханаларға жүгінген ЖРВИ белгісі бар адамдарға жүргізілуде. 


Инфекцияға  күдікті  коронавирус анықталған адаммен жақын қатынаста болған қала тұрғындарына да сынама тест жүргізіледі.  Дәрігерлер тест нәтижесін 6 сағаттан кейін алады.


Бүгінде  Атырау қаласында облыс орталығының   тұрғындарынан  сынама тест алатын бес вирусология тобы жұмыс істеуде.  Жалпы, аймақта коронавирусты анықтайтын  700 тест бар. Атырау облысына сынақ  топтамалары  қосымша қажет болған жағдайда керекті  мөлшерде тағы жеткізілетін болады.

 Өңірлік коммуникациялар қызметі

28 наурыз 2020, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.