Атырау, 1 мамыр 21:43
 бұлттыВ Атырау +13
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 3 науқастың жағдайы бірқалыпты

3 474 просмотра


Дәрігерлердің таңертеңгілік тексерісінің нәтижесі бойынша науқастардың денсаулығында шағым жоқ, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Дәрігерлер қазіргі таңда коронавирус инфекциясымен    №2 облыстық ауруханада емделіп жатқан үш науқастың жағдайы туралы баяндады.

 Таңертеңгілік тексерістің  нәтижесінде   науқастардың  дене қызуы жоқ, шағым жоқ, жағдайлары қалыпты екені белгілі болды.

 Айта кетейік,  Атырау облысында коронавирустық инфекцияның алғашқы 3  жағдайы  27 наурыз күні анықталған болатын.  Талдау қорытындысы 31 жастағы қызға, 19 жастағы жас жігіт пен  14 жастағы қыз балаға оң нәтиже берді.

 Вирус жұқтырғандармен  тығыз байланыста болған барлық адамдар оқшауланып, карантинге жатқызылды.  Олардан коронавирустың бар-жоғын  анықтау үшін тест алынды,  нәтижелері тәуліктің жарты күніне дейін дайын болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

28 наурыз 2020, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.