Атырау, 25 қараша 03:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Күзетшіге «сабақ» болды

1 492 просмотра

«Қазақстан» қонақ үйінде өрт орын алды: 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Үш адамды жалыннан алып шығуға тура келді. Күзетшілердің бірі құлап, қолын сындырып алды, оның үстіне тұншықтырғыш газды жұтты... бірақ, төменге өрт сөндіру сатысымен түсуден үзілді-кесілді бас тартты, неге десеңіз, биіктен қорқады.

Міне, осындай көріністі біз өткен жұма күнгі өрт-тактикалық жаттығуларында байқадық. Бєрі ойдағыдай болды: 5 бірлік негізгі техника, 1 автосаты жєне 18 өрт сөндіру машинасы өрт орнына санаулы минуттар ішінде келіп жетті. Алайда, басты зардап шегушінің рөлін сомдаған күзетшілердің бірімен абыржытарлықтай жағдай туындады. Биіктен қорқатын жігіт басқалары секілді кєдімгі баспалдақтармен түсемін деп байбалам салды. Бірақ, өрт сөндірушілердің бірімен болған жеке єңгімеден соң бєрі өз орнына келді. Рацияны қыпсыра құшақтаған жігіт азар дем алған күйі 4-қабаттан төменге түсіріліп, жедел жєрдем медбикелерінің қолына табыс етілді.

- Келесі жолы мұндай жағдай қайталанбайды деп ойлаймын, мына жігіт жєне қалған барлық адамдар ендігі жерде не істеу керектігін білетін болады,- деді өрт сөндіру қызметінің кезекші ауысым жетекшісінің аға көмекшісі Бисенбай АРТЫНОВ. - Мұндай оқу-жаттығулар сол үшін өткізіліп жатыр.

Анастасия ПАСТУХОВА

21 қараша 2012, 20:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.