Атырау, 3 қазан 02:24
 дождьВ Атырау +9.4
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35

Мектепті тонаған өз түлектері

2 282 рет қаралды

Қызылқоға ауданы Қарабау ауылындағы мектептен 16 ноутбук, компьютер және бейнепроектор қолды болды. 

Ұрлықшылар ғимарат терезесін бұзып кіріп, 5 млн теңгенің техникасын өздерімен бірге алып кеткен.

Бүгінде күдікті ретінде үш жігіт ұсталған, олардың екеуі 24 жаста, біреуінің жасы 19-да.  

- Ұрлықшының екеуі осы мектептің түлегі болып шықты. Жұмыссыздар барлық затты сатып жіберген, бүгінде ҚР ҚК-тің 175-бабының 4-бөлігі «б» тармағы бойынша қылмыстық іс көтеріліп, күдіктілер уақытша қамалды,- дейді Қызылқоға ауданы прокурорының көмекшісі Марат ШӘЖДИЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 қараша 2012, 20:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.