Атырау, 22 қараша 21:37
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Вирус жұқтырғандардың екеуі шет елден, біреуі Нұр-Сұлтаннан келген

Толықтырылды
3 472 просмотра

Тікелей эфирден алынған кадр

- Атырауда  коронавирус жұқтырған  3 адам анықталды, - деп хабарлады бүгін, 27 наурызда онлайн өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла ҒАЗИЗОВ

Бірінші науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға келген.  26-ші наурызда ОРВИ-дің белгілері болуына байланысты жедел түрде анализдері алынды. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Екінші науқас 17 наурыз күні Ыстамбұлдан Алматыға, одан соң Алматыдан Атырауға ұшып келген. Нұр-Сұлтанда Ыстамбұлдан Алматыға келгендер арасынан инфекция жұқтырған бір адам табылғанын білесіздер. Осыған байланысты сол кісімен қарым-қатынаста болғандықтан біз анализін алдық. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Үшінші науқас Амстердамнан кеше келген. Бірден карантинге жатқызылып, анализдері алынған болатын. Бүгін тест нәтижесінен оның да инфекция жұқтырғаны анықталды. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің қарауында емделіп жатыр. Осы науқастармен байланыста болған адамдар анықталды, қазір оларды оқшаулау  жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, анықталған науқастармен байланыста болған адамдарға карантинге жату үшін 1743 орын дайындалған. Медицина мекемелерінде қажетті дәрі-дәрмек пен медицина қызметкерлерінің қорғану құралдарының екі айға жететін қоры бар. Сонымен қатар аумақты залалсыздандыратын 11 тонна дезинфекциялау құралы әзір.

Ресми өкілдер қысқаша ғана ақпарат берумен шектелді және журналистердің сұрақтарына жауап берген жоқ. Толық ақпаратты билік өкілдері бірнеше сағаттан кейін беруге уәде етті.  

Естеріңізге сала кетейік, 6 және одан да көп науқас коронавирусты жұқтырғаны анықталса, қаланы карантинге жауып тастауы мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА


***

Атырау облысындағы коронавирус жұқтырғандардың кімдермен қарым-қатынаста болғаны анықталды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған үш науқас қарым-қатынаста болған жалпы саны 15 адам анықталып, оқшауланды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бірінші пациент Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға 21 наурызда келген. 26 наурыз күні ЖРВИ белгілері болуына байланысты сынама алынған. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Науқас Атырауға келместен бұрын Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің коронавирус қаупінің үш санаты туралы қаулысы күшіне енген болатын. Бұл хаттама бойынша ішкі рейстермен келетін азаматтар тексеруден өтпейді. Атырауға келген азамат сырқаттануына байланысты емханаға қаралған. Нақты айтар болсақ, ол тек отбасындағы бес адаммен қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы бақылауға алынды.

Екінші науқас 17 наурызда Стамбулдан Алматыға, одан кейін Алматыдан Атырауға келген. Стамбулдан Алматыға бірге келген Нұр-Сұлтандық инфекция жұқтырған тұрғынмен қарым-қатынаста болғандықтан, одан сынамалар алынды. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Ол 3 адаммен байланыста болған. Барлығы бақылауға алынды.

Үшінші пациент Атырауға 26 наурызда Амстердамнан ұшып келген. Осы рейспен Атырауға 8 адам келді, соның біреуінен коронавирус инфекциясы анықталды. Ол басқа ешкіммен қарым-қатынаста болмаған. Жолаушылардың бәрі карантинге жатқызылып, сынамалар алынды.

Үш науқастың да жағдайы қанағаттанарлық. Тиісті хаттамаға сәйкес ауруханаға жатқызылып, емдік шаралар жасалуда. Жағдайлары тұрақты, бақылауда.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі 

27 наурыз 2020, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.