Атырау, 20 сәуір 04:51
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Уәлиханов көшесіндегі ЖКО-да кім кінәлі

Бейнежазба
3 725 просмотра


Әлеуметтік желіде бақылау камерасына түсіп қалған бейнежазба таралды. Онда Атырауда Уәлиханов көшесінде «Приора» көлігі жоғары жылдамдықпен ұшып келіп, тұрақта тұрған көліктерге соқтығысады.

Осы оқиға бойынша Полиция департаментінің баспасөз қызметі мынадай ақпарат берді: «26 наурызда шамамен сағат 18.30-да Уәлиханов көшесі бойында 1989 жылы жүргізуші басқарып келе жатқан Opel Astra апаттық жағдай жасап, соның көлігімен соғысып қалудан қашқан LADA-21703 (Приора) автокөлігінің жүргізушісі бордюрге соғып, соққы екпінімен қарсы жолдағы басқа Приораға соққан. Оқиға салдарынан Toyota Estima, Lexus NX200 и Toyota Land cruiser 100 автокөліктеріне зиян келді. Соңғы үш көлік ғимарат алдындағы тұрақта тұрған.

«Приора» жүргізушісі мен жолаушылары алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Қазір барлық құжаттар жиналды, бірнеше сараптама тағайындалды, кінәлі анықталуда».

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

27 наурыз 2020, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.