Атырау облысында коронавирустық инфекцияның тағы үш жағдайы тіркелді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам жалпы 124 науқас тіркелді.
«AЖ» хабарлағандай, Атыраудағы ахуал бойынша сағат 13.30-да өтетін брифингте толық хабарланады.