Қазір провизор орталығында карантинде 30 адам орналасты. Сонымен қатар колледж бен жоғарғы оқу орындарындағы студенттік жатақханаларда 1840 орын дайындалды. Бұл туралы брифингте денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис ТАҢБАЕВА хабарлады.
Оның айтуынша, 22 наурыздан бастап шетелден келген азаматтардың барлығы міндетті түрде карантинге жатқызылады: 1А санатындағы елден (Франция, Иран, Италия, Испания, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Египет) келгендер - 14 күнге, 1Б санатындағы елден (КВИ жағдайлары тіркелген барлық елдер) келгендер – бір тәулікке. Барлығы коронавирусқа тестілеуден өтеді. Соңғы күндері Атырауға 1А санатындағы елдерден 29 адам (барлығы Қазақстанның азаматы), 1Б санатындағы елдерден 38 адам (37 қазақстандық және 1 Ұлыбритания азаматы) келді. Танбаеваның айтуынша, барлық медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлері үшін маска, костюм және қолғап сатып алуға қосымша қаражат бөлуде.
Қазір бірқатар дүкендерде бірнеше рет пайдалануға болатын матадан тігілген маска сатылуда. Алайда, олар кем дегенде төрт қабаттап тігілуі керек. Ал, өкпені жасанды желдету аппараттарының саны туралы сұраққа Таңбаева олардың облыста 104-і бар екенін және олардың санын көбейту жоспарлануда деп жауап берді.
Көпшілігімізге 21 наурызда БАЭ келген туристерді тексерген дәрігерлердің әрекеті түсініксіз болды. Олардың барлығын коронавируске тексермей, тек дене қызуын өлшеп, үйлеріне жіберген. Ал бірнеше күннен кейін мүгедек балаларымен бірге келген аналардың бәрін де вирусқа тексерген. Көпті толғандырған бұл сұраққа облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан БИСЕМБИЕВ телефон арқылы жауап берді:
- 21 наурызда ескі ереже бойынша әрекет етілді. Оған сәйкес медициналық мекемелерге 1А санатындағы елдерден келген азаматтар карантинге жіберілді, ал басқа санаттағы елдерден келген азаматтар тұрғылықты жері бойынша өзін-өзі бақылауға жіберілді. Ал, келесі күні, яғни 22 наурызда, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы" жаңа қаулысы шықты. Осыған сәйкес елдердің дәйектемесі өзгерді - енді олар тек 2 санатқа бөлінеді және келгендердің барлығын коронавирусқа тексереді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА