Атырау, 22 қараша 21:25
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Мұнайшыларға тендерсіз сатып алуға рұқсат етілді

3 236 просмотра


ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға отандық өндірушілерден тауарларды тендер өткізбей сатып алуға рұқсат берді. Бұл туралы брифингте ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ мәлімдеді. Бұл төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия Хаттамасының 6-тармағын орындау мақсатында жүзеге асырылады.

Енді жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстанда өндірілетін тауарларды (құбыр, арматура өнімдері, сорғы, трансформатор, кабельдік өнімдер және т.б.) екі айға дейін созылатын конкурстық ресімдеуінсіз сатып алу мүмкіндігі бар. Бірақ олар «CT-KZ» сертификатымен немесе «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификатпен расталуы тиіс.

-Бұл өзгерістер қазақстандық компаниялар жұмысының тоқтамауын және бюджетке салықтың түсуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл отандық тауар өндірісі саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарда адамдарды жұмыстан қысқарту бойынша тәуекелді азайтуға мүмкіндік береді.  - деп атап өтті министр.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

27 наурыз 2020, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.