Ресми Сеул Уашингтонға медициналық көмек көрсету туралы шешім шығарды.
Осы аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Корея басшысымен хабарласып, COVID-19-ды анықтайтын медициналық құрал-жабдықпен шұғыл түрде көмектесуді сұраған болатын. Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Америкаға медициналық құрал-жабдықтар жіберіп, коронавирус пандемиясымен күреске көмектесетін болды.
Оңтүстік Корея коронавирус алғаш рет тіркеле салысымен вирусты анықтау мен дертті жұқтырғандарды бақылау бойынша ауқымды тәжірибе жүргізді. Індетпен күрес жоспары өз тиімділігін көрсетті. Соңғы 2 аптада елде оны жұқтырғандардың қарасы 100-ден аспады. Қазір таңғы шық елінде COVID-19-ға шалдыққандардың саны — 9 мың 137.
Ал Америкадағы жағдай күн санап ушығып барады. Америкада 60 мыңға жуық адам дертке шалдығып, 841 адам ажал құшқан. COVID-19 Нью-Йорк, Нью-Джерси, Калифорния, Вашингтон, Мичиган, Иллинойс және Флорида шттатарында тіркелген. Өлім-жітім Нью-Йоркта көп. Онда вирус 210 адамның өмірін жалмаған.
Дереккөз: "Qazaq Times"