Ал жақында ғана эпидемия ошағы болған Ухань қаласында болса, 8 сәуір күні карантин аяқталады. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.
Қалаға кіруге рұқсат беріледі. 25 наурыздан бастап Хубэй елді-мекенінің тұрғындары денсаулығын тексеріп болған соң басқа өңірлерге шығуына рұқсат беріледі. Эпидемиядан келетін қауіп төмендегендіктен қоғамдық көліктердің жұмысы да жанданбақ.
Айта кетейік, Ухань қаласы 23 қаңтардан бері әлемнен оқшауланған болатын. Соңғы бірнеше күнде онда коронавирусты жұқтырған тек бір ғана науқас тіркелді. Жалпы Хубэй елді мекенінде КОВИД-19-ды жұқтырғандар саны 67 мыңды құраған болатын. Бүгінде барлығы дерлік құлан таза айығып шыққан. Шамамен 4 мыңдай адам әзірге дәрігер бақылауында қалды.
Дереккөз: 24.kz