Британдық ғалым SARS-CoV-2 коронавирусының ғарыштан келу мүмкіндігіне орай болжамдарын жария етті.
Ұлыбританияның Кардиффск университетінің экзобиологы Чандра Викрамасингх вирустың өткен жылы күз айында Қытай аумағында жарылған аспан денесінен жерге түсу мүмкіндігі туралы болжамдарын айтты. Жаңа гипотезада коронавирус жарылған метеориттің ішінде болуы мүмкін.
Коронавирус жайындағы алғашқы болжамдарда жарқанаттар мен басқа да жабайы жануарлардан таралу мүмкіндігі айтылса, кейіннен оның жасанды түрде таралуы жайындағы мәліметтер де айтылғаны белгілі.Ал АҚШ ғалымдары вирустың табиғи эволюция барысында пайда болғандығын айтады. Ғалымдардың болжамына сәйкес вирус адам ағзасынан тыс дамығанжәне де жануардан жұққан вирус адам ағзасына түскенде қауіпті түрге айналған.
Күрделі респираторлы COVID-19 инфекциясына шалдықтыратын SARS-CoV-2 коронавирусының басқа планетадан келгендігін ресейлік ғалым, Медицина биологиялық институтының бөлім меңгерушісі В.Ильин де құптап отырғандығы айтылады, mk.ruдеректерінде. Алайда, оған нақты дәлелдер келтіру үшін вирус тәрізді ДНҚ-ның ғарышта ұзақ уақыт қозғалысы барысында синтезделу мүмкіндігі зерттелуіқажет. Ғалымның айтуынша, мұндай зерттеулер 2023-2024 жылдары жүргізіледі. Яғни, орбитаға «Бион-М»№ 2 ғылыми аппараты ұшырылып, сыртына метеорит тәрізді шұңқырлы тастар орнатылады. Ал оған қондырылған бактериялар мен бірқатар химиялық заттар өте жоғары температурада өзгеру мүмкіндігібақыланатын болады. Осы зерттеу негізінде вирустың ғарыштан жерге келу болжамдары тексерілетін болады.
ММУ вирусология және биология кафедрасының профессоры А.Аграновский бұл болжам мейлінше шындықпен жанайспайды деген пікірін білдіре келе Викрамасингх теориясының аздап шындықпен үйлесетін тұстары бар екендігін айтады. Ғалымның пайымдауынша, коронавирус жер бетіне ғарыштан ұшып келгенімен, адамдарға жануарлар арқылы таралған.
Дереккөз: Егемен Қазақстан