Атырау, 26 қараша 08:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жетті

3 549 просмотра


24 наурыздағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі. 

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус Ресейден келген екі жолаушыдан, сондай-ақ Түркиядан келген науқастың жұбайынан табылған. Осылайша, Өзбекстанда COVID-19 тікелгендер саны 49 адамға жетті. Осыған орай, Өзбекстанда қосымша бірқатар шектеу енгізілді. 

Атап айтқанда, 24 наурыздан бастап Ташкент қаласына кіруге және шығуға тыйым салынды. Сондай-ақ, азық-түлік дүкендерінен басқа барлық базарлар мен сауда орталықтары жабылып жатыр. 

Бұған қоса, Өзбекстан тұрғындарына коронавирус жұқтырды деген күдік бойынша карантинде жатқандар мен ауру жұқтырған тұлғалардың ұялы телефондары, аудио және видео құрылғылары, банк карталары мен басқа да заттары уақытша тәркіленеді. Оның себебі аталған жоқ.

Дереккөз: Inform.kz

24 наурыз 2020, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.