Атырау, 26 қараша 10:35
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ұлыбританияда жалпыұлттық карантин жарияланды

2 666 просмотра


Ұлыбританияда коронавирус індетіне байланысты жалпыұлттық карантин жарияланды. Бұл туралы 23 наурыз кешке премьер-министр Борис Джонсон хабарлады.

Бұған дейін Италия, Испания, Франция және Еуропаның өзге бірқатар елдері осыған ұқсас шара қолданған.

Жаңа ереже бойынша, Ұлыбритания тұрғындары өте қажет жағдайда ғана үйден шыға алады. Атап айтқанда:

Өте қажет тауарлар сатып алу үшін - неғұрлым сирек болса, соғұрлым жақсы;

Таза ауада спортпен айналысу үшін - күніне бір рет;

өзгелерге көмектесу үшін;

егер үйден жұмыс істеуге мүмкіндік болмай, жұмысқа баруға тура келсе;

Басқа себептермен үйден шығуға болмайды. Дүкен, мейрамхана, ойын-сауық орталықтарының басым бөлігі жабылған.

Ұлыбританияда соңғы дерек бойынша, 6500-ден астам адамнан вирус табылған. Соңғы тәулікте мыңға жуық адамға жұққаны анықталды. 335 адам көз жұмған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

24 наурыз 2020, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.