Атырау, 6 желтоқсан 10:35
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Сотталушылар маска тіге бастады

3 251 рет қаралды


Атыраудағы әйелдер түзету колониясының (УГ-157/11 мекемесі) сотталушылары өз еркімен қорғаныш маскаларын тігуді қолға алды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдер күн сайын 1000-ға жуық маска тігуді жоспарлап отыр. Олар жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлерін маскамен қамтымақ.

- Бұл өз ретімен, кезеңмен жүзеге асырылатын процесс: бірі үлгісін жасаса, екіншісі  пішеді, үшіншілері резіңкесін дайындайды. Бүкіл процесске 5 минуттай уақыт кетеді, - деп хабарлайды ҚАЖД баспасөз қызметі.

Сотталғандардың бірі Ольга ВОЛОДИНА атап өткендей, қазіргі қиын жағдайда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып әрекет етіп, бір-бірімізге көмектесу өте маңызды.

- Қайда жүрсек те, біз өз еліміздің патриотымыз. Бостандықта  туыстарымыз бен достарымыз өмір сүріп жатыр. Біз бір-бірімізге көмектесуіміз керек, - дейді Ольга Володина. - Мүмкін біздің қосқан титтей үлесіміз  біреудің өміріне араша болар, өз қолымызбен тіккен маскалар біреуге көмектесер.

Фархат ӘБІЛОВ

23 наурыз 2020, 19:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.