АҚШ-та соңғы бір тәулікте COVID-19 тағы 9 мың 100 адамнан анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24». Осылайша науқастардың жалпы саны 33 жарым мыңнан асып кетті.
Бұл Қытай мен Италиядан кейін кесел етек жайған үшінші мемлекет болды. Коронавирустан көз жұмғандар саны 419-ға жеткен. Оның 117-сі соңғы тәулікте қайтыс болды.
Осыған орай Ақ үй әкімшілігі індетпен күрес шараларын күшейтті. Нью-Йорк, Вашингтон, Калифорния штаттарында енді ұлттық гвардия әскерлері ел қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстамақ.
Дереккөз: 24.kz