Атырау, 23 қараша 02:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балаларға иіс тиіп қала жаздады

Бейнежазба
3 362 просмотра


20 наурызда сағат 16.00 шамасында Атыраудағы Привокзальный ықшамауданында екі бала түтіндеген пәтер ішінде қалды. Анасы балаларын үйде қалдырып, газ плитасында пісіп жатқан тамағының астын өшіруді ұмытып кетіпті.

Күйіктің иісін сезген көршілер есіктен түтін шығып жатқанын көріп, дереу 112 нөміріне қоңырау шалған.

- Привокзальныйдағы үйлердің бірінің екінші қабатындағы пәтерді  түтін алып кеткен. Келген өрт сөндірушілер пәтерге баспалдақпен терезе арқылы кірді. Ішінде алты және екі жастағы екі бала болды. Олар қауіпсіз жерге шығарылып, ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.



Фархат ӘБІЛОВ

22 наурыз 2020, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.