Атырау, 26 қараша 10:42
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Франция мен Иран тұтқын алмасты

2 886 просмотра

Француз зерттеушісі Роланд Маршал.


Франция мен Иран тұтқын алмасып, екі мемлекет арасындағы келісімнің нәтижесінде екі азамат елдеріне қайтарылды. Француз зерттеушісі Роланд Маршал Парижге 21 наурызда ұшып келді. Оны қолдайтын топ "Роланд оралды" деген қысқа мәлімдеме таратты.

Францияда қамауда болған АҚШ-та іздеу жарияланған ирандық инженер Жалал Рохолахнеджад Тегеранға оралып, отбасымен қауышты. Сот жүйесі туралы ақпарат тарататын ирандық Mizan Online сайтының жазуынша, екі азамат Франция мен Иран арасындағы "өзара әріптестіктің" нәтижесінде босап шыққан.

Бұл екі азаматтың қамалуы Вашингтон мен Тегеран арасындағы кикілжіңді азайту амалын іздеген Франция мен АҚШ-тың экономикалық санкциясынан кейін Франциядан көмек сұраған Иран арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп жіберген еді.

Франция азаматының туыстары AFP агенттігіне Маршалды әуежайдан түскен соң Париж маңындағы әскери ауруханаға апарып, тест алғанын, нәтижесі жақсы екенін хабарлады. Тегеранда мемлекеттік арна бостандыққа шыққан Рохолахнеджадтың отбасы мүшелерімен қауышып жатқан сәтін көрсетті. "Құдайға шүкір, ол күндердің бәрі артта қалды" деді қамаудағы кезін еске түсірген Рохолахнеджад.

АҚШ Рохолахнеджад Иранға "тыйым салынған" өнеркәсіп жабдығын экспорттауға тырысып, санкцияны бұзды деп күдіктенеді. Франция үкіметі оны АҚШ-қа тапсырудың орнына еліне қайтару туралы шешім қабылдады.

Дереккөз: Азаттық радиосы 

22 наурыз 2020, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.