Атырау, 26 қараша 10:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

COVID-19: Италияда бір тәулікте 800-ге жуық адам көз жұмды

3 300 просмотра


Италияда бір тәулікте коронавирусқа шалдыққан тағы 793 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, дерт құрбандарының саны 4825-ке жетті. Індет жұқтырғандардың қатары өсіп барады. Жергілікті билік вирустың таралмауы үшін елдегі аса қажетті емес барлық өндіріс орындарын жауып тастады. 

Тек азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар, сонымен қатар қоғамдық көлік пен банктер жұмысын жалғастыратын болады. Аймаққа өзге елдерден медициналық көмек жеткізілуде. 

Джузеппе Конте, Италия премьер-министрі: 

- Вирустың таралуы қарқын алып барады. Өлім-жітім саны көбеюде. Сондықтан карантин шараларын қатаңдатуға мәжбүрміз. Ел аумағы бойынша адамның өмірі мен денсаулығына аса қажетті емес барлық өндіріс орындарын жабатын боламыз. Азық-түлік дүкендері мен сауда орындары, дәріханалар жұмыс істей береді. Қоғамдық көлік те тоқтамайды. Тек сабыр сақтап, барлық талаптарды орындауға шақырамын.

Францияда да жағдай мәз емес. Аймақта 12612 адам коронавирус індетінің ілмегіне ілінді. 450-і жан тапсырды. Елдің Денсаулық сақтау министрі шел мемлекеттерге 250 млн маскаға тапсырыс берді. Министрдің айтуынша, алдағы уақытта Францияда вирус одан бетер ушығып кетуі мүмкін. Жалпы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес әлем бойынша бір күннің ішінде 32 мың адам вирус жұқтырған. Осылайша, науқастардың жалпы саны 266 мыңға жетті. 11 мыңнан астам адам осы дерттен көз жұмды

Дереккөз: 24.kz

22 наурыз 2020, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.