Атырау, 26 қараша 10:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ташкентте қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынды

3 040 просмотра


Ташкентте қоғамдық көлік пен маршрутты такси қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Коронавирустың таралуына қарсы арнайы республикалық комиссияның шешіміне сәйкес, 22 наурыздан бастап қалада метро, автобус және маршрутты такси секілді қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынды. 

Қоғамдық көліктің орнына қалалық санитарлық-эпидемиологиялық орталық дезинфекциялаған арнайы такси жүреді. Рейске шыққан әрбір таксиге күн сайын дезинфекцияланғаны туралы анықтама беріледі.

Дереккөз: Inform.kz

22 наурыз 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.