Атырау, 23 қараша 01:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Термит Жылыой ауданына көшуде

7 535 просмотра


Жылыой ауданының тұрғындары Маңғыстау облысында көп кездесетін термиттің (аққұмырсқаның) қаптап кеткенін байқаған. Олар бұрын бұл жерлерде болмаған екен. Түймедей жәндік Майкөмген құмында онсыз да жұтаң даланың өсімдіктерін ішінен кеміреді. Шөп-шөңгеден кейін ол нені кеміруге көшеді екен деп алаңдайды жергілікті  тұрғындар. Ағаш қоршаулар мен ағаш үйлерді кеміруі әбден мүмкін...

Майкөмген ауылдық округінің әкімі Марат ҚАБИДЕНОВ:

- Әзірге алаңдауға себеп жоқ, бізде бұл жәндік әлі аз. Көбіне құмда саз балшық кездесіп қалса, содан өздеріне мекен жасап алады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ: Термит немесе аққұмырсқа – тарақан тәрізді жәндік. Құмырсқа мен бал арасы сияқты атқаратын жұмыстарын өзара бөлісіп, топтасып отбасымен өмір сүреді. Негізгі қорегі құрамында целлюлоза бар өсімдік және өлген ағаш. Бір отбасында миллиондаған мүшесі бар, ал өмір сүру ұзақтығы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Үлкен құрылыстарға, ауыл шаруашылығы дақылдарына немесе орман ағаштарына елеулі зиян келтіруі мүмкін зиянкестердің жүздеген түрі бар. Термиттер Антарктидадан басқа жердің бәрінде кездеседі. 

22 наурыз 2020, 01:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.