Атырау, 26 қараша 10:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіліп жатыр

3 152 просмотра


Ресейдің тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі федералды агенттігі коронавирусқа қарсы вакцина үлгілері сынақтан өткізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Ресми мәліметке сәйкес, вакцинаның үлгілерін вирусология мен биотехнология жөніндегі "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығы қысқа уақыттың ішінде жасап шығарған. Бәрін алты бөлек технологиялық алаңда әзірлеген.

Қазіргі кезде ғалымдар зертханада жаңа вакцинаны жануарларға егіп, иммунитеттің қалай өзгеретінін бақылауға кірісті. Зерттеу маймыл тектес жануарларға жасалып жатыр.

Мамандар барлық үлгінің ішінен тиімді әрі қауіпсіз вакцинаны таңдауы тиіс. Сондай-ақ, болашақ дәрінің құрамы, мөлшері мен денеге салу әдісін анықтау қажет.

Мамандардың болжамы бойынша вакцина осы жылдың IV тоқсанында дайын болады.

Вирустың геномы ашылды

Жақында Ресей денсаулық сақтау министрлігі ғалымдар коронавирустың геномын толығымен зерттеп шыққанын хабарлады. Бұл жұмыс Смородинцев атындағы тұмау ғылыми-зерттеу институтында атқарылды.

Мамандар Ресейге инфекциямен келген науқастан қажетті материал алып, вирустың құрылымын анықтады. Осының негізінде "COVID-19-ға" қарсы вакцинаны жасап шығаруға болады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

20 наурыз 2020, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.