Атырау, 26 қараша 10:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ: Қытай билігі коронавирустың әлемге таралуына жол берді

5 000 просмотра


АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытай билігі бұған дейін Ухань қаласынан COVID-19 коронавирусын жұқтырған жүздеген мың адамның шекара асуына мақсатты түрде мүмкіндік берді деп санайды. АҚШ-тың сыртқы саясат ведомствосының басшысы бұл мәлімдемені Fox News хабарында айтты. 

Помпео Қытай билігінің бұл әрекеті «тек қытайлықтарға емес, бүкіл әлем үшін қауіп төндіріп, дертке шалдыққандар санының артуына сеп болды» дейді. Мемлекеттік хатшының пайымдауынша, Қытай билігі коронавирус пандемиясынан төнетін қауіп туралы бәрін білген, «бірақ жүздеген мың адамның шетелге кетуіне, қазір орасан зор зардап шегіп отырған Италия сынды мемлекеттерге баруына мүмкіндік берді».

«Қытай билігі вирусқа кедергі келтірудің орнына, ақпараттың әлемге таралуына жол бермеуге тырысты», – дейді Помпео. 

Қазіргі уақытта ресми Бейжің ұсынып отырған ақпараттарға сенуге бола ма деген сауалға Помпео: «Бұл ең маңызды мәселелердің бірі. Вирус анықталды деген уақытта біз дереу ең үздік дәрігер, сарапшы мамандарымызды жібермек болдық. Осы мәселені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен де талқылады. 

Алайда Қытай тарапы рұқсат берген жоқ. Қытай билігі жеткілікті дәрежеде транспарентті болған жоқ. Ақпарат таратуда да дәл солай. Егер біз бұл қателікті түзетпесек, вирустың таралуына тосқауыл болмасақ, бұл жағдай қайталануы мүмкін», – деді. 

2019 жылдың соңында Қытайың Хубэй провинциясынан тараған коронавирус 140-қа жуық елге таралып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дертті пандемия деп таныды. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 218 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 8,5 мыңға жуық адам қайтыс болған. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

19 наурыз 2020, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.