Атырау, 16 қазан 12:05
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

ТШО әлемдік көшбасшы атанды

2 006 просмотра

10 жыл ішінде ТШО газды алауда жағуды 94 пайызға қысқартты. Бұл туралы мұнай өндіруші компания баспасөз-релизінде хабарлады.

24 қазан күні Лондонда ілеспе мұнай газын жағуды азайту бойынша өткен жаһандық форумда «Теңізшевройл» ЖШС-нің  газды алауда жағуды қысқарту жетістіктері атап өтілді:

«Дүниежүзілік банктің газды алауда жағуды қысқарту жөніндегі жаһандық серіктестігі ТШО-ны газды алауда жағуды қысқарту бойынша әлемдік көшбасшы деп таныды... Кәсіпорын газды алауда жағудан болатын шығарындыларды 2000 жылдан бері  94 пайызға қысқартуға қол жеткізумен қатар, осы уақыт аралығында мұнай өндіру көлемін 147 пайызға арттырды». 

Облыстық экология депар-таментінің мәліметтері бойынша, ТШО-дан өзге Атырау облысындағы ірі жер қойнауын пайдаланушылардан «Ембімұнайгаз», «АлтиесПетролеум» газды алауларда жағады. Болашақта «Аджип» жоспарлап отыр.

2000 жылға дейін газды жағу қалыпты құбылыс болатын. Алайда, кейін Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдаланушылар туралы заңға сәйкес тек апатты жағдайда ғана алауларда газды жағуға рұқсат берілді.

Экология департаментінің бастығы Ербол ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, құрамында ілеспе газы бар кеніштерде жұмыс жасайтын кәсіпорындарға газды пайдалану қажет болса, олар оны кәдеге жарату бағдарламасын жасайды екен. Осы бағдарламаға сәйкес, «кезекші жанарғыда» рұқсат етілген жағу көлемі болады (штаттан тыс жағдайларда, жоспарлы-алдын алу жұмыстарында және т.б.).

Айтпақшы, ТШО-да ілеспе газды жағудың рұқсат етілген көлемі туралы мәліметтер оның артқандығын көрсетіп отыр. Биыл компаниядағы рұқсат етілген жағу көлемі - 165 млн текше метр газ. Облыстық экология департаментінің мәліметтері бойынша, 2013 жылға ТШО 169 млн текше метр газ жағуға рұқсат сұраған. Бұл 5 млн текше метрге көп.

Дегенмен де, бұл газды алауларда жағу көлемін 2000 жылы 1,85 млн тоннадан 2011 жылы 0,1 млн тоннаға дейін азайта алған ТШО-ның үлкен жетістігін жоққа шығара алмайды. Қазіргі көлемдер 2000 жылғы деңгейдің 5 пайыз шамасын құрайды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

21 қараша 2012, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.