Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа елде коронавирустың жаңа түрінен екінші адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны екі есе өскен, - деп хабарлайды РИА Новости.
Министрдің сөзінше, Түркияда бір күнде коронавирус жұқтырғандардың саны 47-ден 98-ге өскен, оның біреуі қайтыс болған.
"Бүгін екінші адам қайтыс болды. Ол - 61 жастағы ер адам. Тағы 93 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны - 191", - деді министр Фахреттин Коджа Twitter желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, Түркияда коронавирус жұқтыру дерегі алғаш 11 наурызда тіркелген. Ол - Еуропадан оралған ер адам еді.
Ал коронавирустан алғашқы науқас кеше қайтыс болған. Ол - 89 жастағы науқас. Ол бұған дейін Қытайға барған жұмысшысынан вирус жұқтырған.
Дереккөз: Tengrinews.kz