Атырау, 11 қазан 11:14
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Нан әзірге қымбаттамайды

5 825 просмотра

Осы жазда Ауылшаруашылық министрлігі әлеуметтік нанды пісіру үшін Қазақстанның азық-түлік корпорациясы және облыстардың әкімдіктері арасында  астықты тіркелген баға бойынша, яғни, бір  тоннасын  28 мың теңгемен  жеткізу жөнінде меморандумға қол қоюға  шешім қабылдады.

Біздің облысымыздың әкімдігі Атырау қаласына әлеуметтік астықты жеткізу үшін қостанайлық «Ақбидай» астық-сүт комбинатымен меморандумға қол қойды. Алайда, қазан айындағы астықтың жеткізілуіне байланысты орын алған кедергілер жергілікті наубайханашылардың наразылығын тудырды, олар биліктен әлеуметтік нанды пісіру үшін оларды шикізатпен қамтамасыз етуді жандандыру  немесе бағаны көтеруге мүміндік беруді талап етті.

Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Қадырғали ТҰРҒАНОВТЫҢ айтуынша, «Ақбидайдан» астықты жеткізудегі кедергілер жабық теміржол вагондарының жетіспеушілігі салдарынан орын алған. Облыстық әкімдік «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-на астықты үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі өтініш хатын жолдады. ҚТЖ ендігі жерде ұятқа қалдырмауға уәде етті. Қазір Атырауға әлеуметтік нанды пісіру үшін астық тиелген үш вагон келеді деп күтілуде.

- «Ақбидаймен» арадағы меморандум 2013 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жасалған, сондықтан да атыраулықтар үшін нан бағасы қымбаттамайды, - деп сендіреді Қ.Тұрғанов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 қараша 2012, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.