Атырау, 23 қараша 02:07
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда балабақшалардың жартысынан көбі бос

2 982 просмотра


Атыраудағы мемлекеттік балабақшаларда 15 мыңнан астам бала тәрбиеленеді. Қазіргі уақытта тек 40%-ы ғана келіп жүр. Бұл туралы брифингте Атырау әкімінің орынбасары Ұлықбек ТНАЛИЕВ хабарлады.

Еліміздегі барлық мектептер каникулға ерте шықты, мұғалімдер үйде отырып, қашықтықтан жұмыс істейді. Жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қашықтықтан білім алуға көшті. Бірақ бала аз келсе де, балабақшалар жұмыстарын жалғастыруда.

- Балабақшаға барып жүрген балалардың саны жартысына да жетпейді, шамамен 40%. Ата-ана балаларын оқшаулағысы келетіні түсінікті. Ерте каникулға шыққан үлкен балаларының үйде кішкентай бауырларына қарайтындығы да себеп болып отыр. Осы орайда балабақшадағы орындар сақталады, - деді Ұ.Тналиев. - Санитарлық тазалыққа келетін болсақ, балабақшалар бұрыннан да санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуына ерекше назар аударады. Ал қазір ерекше көңіл бөлінуде. 

Облыстық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Алмагүл ҚАЙЫРЛИЕВАНЫҢ пікірінше, іс жүзінде балабақшалардың жабық мекеме болуы да рөл атқарып отыр. Күні бойы оларға ешкім келмейді, бейтаныс адамдар кірмейді. Ол облыстағы балабақшаларға  28 мыңнан астам бала баратынын, ал қазір тек 12 800 бүлдіршін ғана келіп жүргенін айтты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 наурыз 2020, 21:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.