Атырау, 23 қараша 02:07
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Маскалар 10 есе қымбаттады, бірақ әлі тапшы

3 460 просмотра


Атыраудағы медицина мекемелерінде екі айға жететін бір рет қолданылатын маскалар бар, деп мәлімдеді Кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын ЕЛЕУСІЗОВ брифингте. Алайда, ол медициналық маскалардың дәріханаларға қашан көп мөлшерде түсетінін айта алмады.

Елеусізовтің айтуынша, Қарағанды, Шымкент, Тараз және басқа қалалардағы медициналық маска өндірушілер жобалық қуатты 2 есеге ұлғайтуға мүмкіндіктері бар екенін хабарлады. Атырау облысы өз кезегінде өте тапшы болып тұрған тауарды сатып алуға өтінім берген, бірақ өңірге қашан және қанша жеткізілетіндігін айту қиын. Ал жергілікті ЖШС-лер маска шығару өндірісін жолға қоюға әзір.

- Бір ЖШС күніне 500 маска шығара алатынын мәлімдеді. Біз тиісті ұйымға осындай өнімдердің медициналық стандарттарға сәйкестігі туралы қорытынды беру өтінішімен жүгіндік , - деді Елеусізов.

Бұдан басқа, оның айтуынша, 16 наурыздағы кеңесте базарларда саудагерлер үшін бірыңғай қорғаныс формасын: халаттар, бас киімдер, маскалар және қолғаптарды енгізу мәселесі талқыланған. Бірақ бұл форманы жеткізушілерді табу керек.

Маскалардың қымбаттауына келер болсақ (қазір олар 150-250 теңгеден сатылуда, бұған дейін ол 15-20 теңге болған), Елеусізовтың пікірінше, бұл Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің құзіретіндегі мәселе екен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 наурыз 2020, 21:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.