Төтенше жағдайға байланысты және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстанда 17 наурыздан бастап халықаралық пойыздар қозғалысы, соның ішінде «Атырау-Астрахань» бағытындағы пойыз тоқтатылды. Бұл туралы «Ресей темір жолдары» сайтында хабарланды.
Пойыздардың қашан жүретіні қосымша хабарланады.
1. Келесі пойыздардың қозғалысы тоқтатылды:
№ 5/6 "Ташкент – Мәскеу" (Өзбекстан)
№ 17/18 "Бишкек – Мәскеу" (Қырғызстан)
№ 149/150 "Әндіжан-Мәскеу" (Өзбекстан)
№ 305/306 "Бішкек – Шу" (Қырғызстан)
№ 315/316 "Ташкент – Қазан" (Өзбекстан)
№ 317/318 "Барановичи-Қарағанды" (Беларусь)
№ 319/320 "Куляб – Мәскеу" (Тәжікстан)
№ 324/323 "Ташкент-Үргеніш-Волгоград" (Өзбекстан)
№ 329/330 "Душанбе-Мәскеу" (Тәжікстан)
№ 333/334 "Ташкент-Үргеніш-Саратов" (Өзбекстан)
№ 349/350 "Ташкент-Мәскеу" (Өзбекстан)
№ 359/360 "Худжанд-Мәскеу" (Тәжікстан)
№ 363/364 "Томск- Қарағанды " (РТЖ)
№ 365/366 "Челябинск – Ташкент" (РТЖ)
№ 369/370 "Ташкент – Новосибирск" (Өзбекстан)
№ 371/372 " Әндіжан -Уфа" (Өзбекстан)
№ 381/382 "Ташкент- Уфа" (Өзбекстан)
№ 385/386 "Бішкек-Новосибирск" (Қырғызстан)
№ 391/392 "Томск-Риддер" (РТЖ)
№ 647/648 "Мискен – Бейнеу" (Өзбекстан)
2. «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрылымының мемлекетаралық және қала маңындағы жолаушылар пойыздарының жүру бағыты тоқтатылды:
№ 145/146 "Қарағанды-Омбы" 17 наурыздан бастап
№ 303/304 "Алматы-2/Бішкек-Қазан" 23 наурыздан бастап
№ 321/322 "Алматы-2 – Нөкіс" 20 наурыздан бастап
№ 363/364 "Қарағанды-Томск" 17 наурыздан бастап
№ 625/626 "Атырау – Астрахань" 18 наурыздан бастап
№ 6997/6998 "Тобыл – Қарталы-1" 18 наурыздан бастап
№ 6975/6976 "Петропавл-Петухово" 17 наурыздан бастап
№ 6974/6973 "Петропавл-Исилькуль" 17 наурыздан бастап
№ 6980/6979 "Петропавл-Исилькуль" 17 наурыздан бастап
3. Келесі пойыздардың жүру бағыты қысқарды:
№ 1/2 "Алматы-2-Ташкент" бағыты Шымкент станциясына дейін 16 наурыздан бастап
№ 7/8 "Алматы-2-Саратов" бағыты Орал станциясына дейін 18 наурыздан бастап
№ 39/40 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Челябинск" бағыты Қостанай станциясына дейін 18 наурыздан бастап
№ 83/84 "Қарағанды – Мәскеу" бағыты Петропавл станциясына дейін 18 наурыздан бастап
№ 301/302 "Алматы-2-Новосибирск" бағыты Семей станциясына дейін 18 наурыздан бастап
№ 6814/6813 "Қостанай-Троицк" бағыты Каерак станциясына дейін 18 наурыздан бастап
№ 6871/6872 "Орал-Озинки" бағыты Семиглавый Маар станциясына дейін 19 наурыздан бастап.
Атырау теміржол вокзалында адамдар бұрын сатып алған билеттерін тапсырып жатыр. Ақша қайтарылады, бірақ бұл ұзақ процесс, бірнеше сағат кезекке тұруға тура келеді. Қолма-қол ақша жетпей қалады, кассалардың бәрі бірдей жұмыс істей бермейді.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА