Атырау, 23 қараша 02:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алдын ала төлемдер қайтарылады

3 160 просмотра


Мейрамханалар өтпейтін той-томалақтар үшін, туристік фирмалар пайдаланылмаған жолдамалар үшін алдын ала төлемді қайтаруы тиіс. Бұл туралы брифингте облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын ЕЛЕУСІЗОВ мәлімдеді.

- Ел аумағында төтенше жағдайдың енгізілуі - қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мәжбүрлі шара. Яғни, халыққа, мейрамханалар мен түрлі фирмалардың иелеріне тәуелді емес форс-мажор, төтенше жағдайды мемлекет жариялады. Мұндай жағдайда мейрамхана иелері клиенттерге өтпейтін банкеттер үшін, ал туристік агенттіктер тоқтатылған сапарлар үшін алдын ала төленген төлемдерді қайтаруға міндетті, - деді А.Елеусізов.

Брифингке Атыраудағы ірі банкет залдарының өкілдері шақырылды. Олар осыған байланысты шығынға ұшыраса да өз клиенттеріне алдын ала төлемді толық қайтаратындықтарын айтты. Өйткені бұл қаражаттың бір бөлігі несие төлеуге жұмсалады екен. Олар үкімет өздеріне банк қарыздарын төлеу мерзімін ұзартады деп үміттенді. Брифинг аяқталғаннан кейін шамамен бір сағаттан соң несиелерді төлеу мерзімі ұзартылғандығы белгілі болды - бизнесмендерге 90 күндік «демалыс» берілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

17 наурыз 2020, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.