24 наурыздан бастап ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясы «Мәскеу-Атырау-Мәскеу» бағыты бойынша ұшатын рейсті уақытша тоқтатады. Әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ресей астанасынан Атырауға және кері бағыттағы рейстер кем дегенде 23 сәуірге дейін ұшпайды.
Бүгіннен бастап 23 наурызға дейін рейстер күн сайын орындалады (бұған дейін ол аптасына үш рет ұшатын еді).
Фархат ӘБІЛОВ