Облыстық орталық мешітте және Атырау облысының барлық мешіттерінде арнайы қызметтердің қатысуымен залалсыздандыру жұмыстары қолға алынып, күн сайын жүргізілетін болады. Бұл туралы облыстық мешіттің баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирусқа қарсы арнайы шаралардың енгізілуіне байланысты келушілердің саны едәуір азайды. Ал жұма намазына қатысушыларға және басқаларға келесі шараларды сақтау сұралады:
- медициналық маска киюді ұмытпау;
- намаздан тыс уақытта мешітке жиналмау;
- дәретті үйден алып келу;
- қол алысудан бас тарту;
- намаздан кейін мешіттен тезірек шығу;
- кәмелетке толмаған балаларды намазға әкелмеу;
- қарт адамдарға, науқастарға және әйелдерге намазға келмеген жөн.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА