Атырау, 26 қараша 10:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынағы басталады

3 201 просмотра


16 наурызда АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынағы басталады. Бұл туралы АҚШ үкіметіне сілтей отырып, «Америка дауысы» хабарлады.

Сиэтлдегі Kaiser Permanente Washington Health Research зерттеу орталығында өтетін сынақты АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институттары қаржыландырады.

Сынақ 18 бен 55 жас аралығындағы, өз еркімен келісім берген 45 сау адамға жасалады. Оларға ұлттық денсаулық сақтау институттары мен Moderna компаниясы жасаған препараттардың әртүрлі дозасы егіледі. Еріктілерге ауру жұқпайды, өйткені препарат құрамында вирус жоқ. Тест мақсаты - вакцинаның қосымша салдары қандай екенін анықтау. Бастапқы сынақтан соң ауқымды сынақ басталады.

Сәуір айында Пенсильвания университеті мен Канзас-сити сынақ орталығында америкалық Inovio Pharmaceuticals компаниясының коронавирусқа қарсы жасаған вакцинасы сыналуы мүмкін. Бұл сынаққа да ондаған ерікті адам тартылады.

Қазір әлемде ондаған зерттеу институты коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жасаумен шұғылданып жатыр. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина кем дегенде алты айдан соң пайда болуы мүмкін деген еді. Алайда ақпан айының соңында Қытайдың Ресейдегі консулы вакцина қазірдің өзінде дайын екенін, бірақ қосымша тексеріс қажеттігін мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org 

16 наурыз 2020, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.