Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы Х. Досмұхамедов атындағы орта мектепте бір оқушы баспалдақтан құлап, зақым алды.
Оқиға кешкісін оқушылар сабақтан тарап жатқан уақытта болған. 3-сынып оқушысы үшінші қабаттан екінші қабатқа құлап кеткен.
- Оқушы қазір облыстық ауруханада емделуде, оның қолының шыбығы сынып, мұрнына зақым келген, - дейді мектеп директоры Гүлшара САРЫ. - Бұл абайсызда болған оқиға, бірақ біз жауапкершіліктен қашпаймыз. Тиісті шаралар алынатын болады. Негізі мектеп 1982 жылы салынған. Мектептегі баспалдақтар жөндеуді қажет етеді, оған биыл 1 млн 460 мың теңге бөлініп отыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА