Атырау, 23 қараша 02:42
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

NCOC шектеу шараларын енгізуде

3 648 просмотра


NCOC компаниясы COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу үшін Компания аясында шектеу шараларын енгізуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Әлемде COVID-19 індетінің таралу қаупінің артуына және Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың бірнеше оқиғасының анықталуына байланысты NCOC компаниясы қызметкерлерге, мүдделі тараптар мен серіктестерге мәлімет ұсыну маңызды деп санайды. Компания үшін қызметкерлер мен олардың отбасыларының денсаулығы және қауіпсіздігі, сондай-ақ нысандар мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері ең маңызды басымдық болып табылады. 

Біз ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейбір өзгерістер енгізілетініне қарамастан өндірістік операцияларымызды әдеттегідей қауіпсіз және жауапты түрде жүргізуді жалғастырамыз. COVID-19 індетінің ықтимал таралу қаупін азайту мақсатында NCOC бүкіл компанияда шектеу шараларын енгізуде.

16 наурыздан бастап біздің бірқатар қызметкерлеріміз үйде жұмыс істеу режиміне көшіріледі. Бұл жұмыспен қамтылу деңгейлеріне немесе жалақыларға әсер етпейді. Алдағы уақытта, жағдайдың өрбуіне қарай, ондай қызметкерлердің саны арта түспек. Сонымен бірге, NCOC басшылығы қалыпты жұмыс орындарында жұмысын жалғастыратын қызметкерлердің негізгі құрамын анықтады және NCOC компаниясының басқа да қызметкерлерімен бірге осы кезең ішінде өндірістік операциялардың, соның ішінде өнім өндіру жұмыстарының барынша қауіпсіз жүргізілуіне ықпал ететін болады.

NCOC компаниясы өзінің қызметін Солтүстік Каспий бойынша ӨБК ережелеріне және Қазақстан Республикасының барлық қолданыстағы заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес қауіпсіз және жауапты түрде жүзеге асыруға міндеттенеді. Компания қызметкерлерге барынша қолдау көрсетуге ниетті және олардың өздеріне және әріптестеріне қамқорлық көрсете отырып, COVID-19 індетінің таралу қаупін азайту мақсатында кәсіби және саналы әрекет ететіндігіне үміт артады. Біз ҚР мемлекеттік органдарының сапарларды шектеуге және денсаулық сақтауға қатысты талаптарын сақтауды жалғастырамыз.

Қазіргі уақытта NCOC қызметкерлерінің арасында COVID-19 вирусын жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ. NCOC компанияның медициналық қызмет көрсетуші ұйымдары тұмауға ұқсас белгілері бар науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған ресурстармен және дайындалған медициналық персоналмен қамтамасыз етілген. Айтылғанға қосымша, біздің өндіріс нысандарымызда, сондай-ақ Атырау, Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларындағы кеңселерде де күнделікті дезинфекция шаралары жүргізілуде».

16 наурыз 2020, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.