Атырау, 27 желтоқсан 04:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

В.Челахқа қатысты сот отырысы оның қатысуынсыз жалғасады

2 559 просмотра
ТАЛДЫҚОРҒАН. 21 қараша. ҚазАқпарат - Владислав Челахқа қатысты сот оның қатысуынсыз өтетін болды.

Бұл туралы бүгін сот отырысы барысында іске төрағалық етуші судья Ербол Ахметжанов мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең басталған сот процесінің барысында сотталушы Владислав Челах өз-өзіне қол салмаққа әрекеттенді.

Ол сот залына кескіш затты алып кіріп, онымен қолындағы тамырларын кеспек болды. Бірақ қарауыл қауіпті затты алып үлгерді.

Қазіргі кезде Владислав Челахқа медициналық көмек көрсетілуде. Бұдан басқа, сот залындағы процесс барысында қаза тапқан командир Киреевтің зайыбы есінен танып қалды. Үзіліс жарияланды.

Кейін, Владислав Челах өз-өзін өлтірмек болған зат орындықтың пластикті бөлшегі екендігі белгілі болды.

Облыстық аурухананың дәрігері Аслан Қалибетовтың хабарлауынша, В.Челахтың сол жақ қолының білезігінде аздаған тырналған іздер анықталды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілді, оның жағдайы қанағаттанарлық. Сот сағат 14:30-ға ауыстырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

21 қараша 2012, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.