Аяғы ауыр әйелге қараған дәрігер Әбдіғани әл-Файтуридің айтуынша, келіншек аман-есен босанып, бес қыз, екі ұлды өмірге әкелген. Нәрестелердің жағдайы жақсы, алайда, олардың анасы әлі хал үстінде көрінеді.
Бенгазидің Доа Миляд атты медициналық орталығындағы бедеулік пен белсіздікті зерттейтін мамандардың айтуынша, үшемдер мыңнан бір жағдайда ғана өмірге келетін көрінеді. Ал төрт немесе одан да көп егіздер өте сирек жағдайда ғана жарық дүние есігін ашады екен. Жеті бірдей егіздің өмірге келуі бұл елде алғаш рет тіркеліп отыр.
Дереккөз: muslim.kz