Атырау, 27 желтоқсан 03:25
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Прокуратура бірқатар оппозициялық БАҚ-тарды жабуды сұрайды

3 760 просмотра

Алматы қаласының прокуратурасы 8 газет пен 23 интернет-ресурсының Қазақстан аумағында таратылуына тыйым салу туралы сотқа арызданды. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуратурасында өткен брифингте Нұрдәулет Сүйіндіков мәлімдеді.

Өткен дүйсенбіде, ағымдағы жылдың 19 қарашасында Маңғыстау облысының сотымен әлеуметтік араздықты қоздыру, билікті күштеп құлатуға шақыру, ұйымдасқан топты құру және оны басқару фактілері бойынша Ақтау қалалық сотының 2012 жылғы 08 қазандағы үкіміне Владимир Козлов пен оның қорғаушыларының апелляциялық шағымдары қаралғандығы өздеріңізге мәлім.

Қылмыстық іс материалдарын және айыпталушы мен оның қорғаушыларының келтірген барлық уәждерін зерделеу нәтижесі бойынша бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз, ал апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.

Осылайша, Владимир Козловқа, Серік Сапарғалиге және Ақжанат Аминовке қатысты үкім заңды күшіне енді.

Сотталғандар сот үкіміне кассациялық және қадағалау тәртібінде шағымдануға құқылы.

Өз кезегінде аталған тұлғаларға қатысты сот істі қараудың жан-жақтылық, тараптардың бәсекелестік және тең құқықтылық принциптері сақтала отырып, ашық режимде өткендігін атап өту қажет.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттармен айыптау және қорғаушы тараптармен ұсынылған дәлелдемелердің барлығы зерделенді.

Сапарғали мен Аминов кінәларын мойындады және үкімге апелляциялық тәртіпте шағым келтірген жоқ.

***

Дей тұрғанымен, Козлов пен басқаларға қатысты заңды күшіне енген сот үкімімен тіркелмеген «Алға» және «Халық майданы» қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі экстремистік сипатта болғандығы анықталды.

Атап айтқанда, сотпен «Алға» және «Халық майданы» мүшелерімен Жаңаөзен қаласында ереуілге шыққан мұнайшылар арасында таратылған үндеулер мен басқа да баспа өнімдері, сондай-ақ олардың алдында сөйлеген сөздері әлеуметтік араздықты қоздыруға бағытталғандығы және оларда билікті күштеп құлатуға үндеулер бар екендігі анықталды.

Сонымен бірге, соттың үкімінде «К+» телеарнасы, «Стан-ТВ», «Республика» интернет-порталдары материалдарының, «Республика», «Голос Республики», «Взгляд» газерттерінің тұжырымдамалық мәтіні әлеуметтік араздық қоздыруға бағытталғаны;

«К+» телеарнасының, «Взгляд», «Голос Республики» газерттерінің, «Республика», «Стан-ТВ» интернет-порталдарының жариялымдарының талдауы оларда билікті күштеп басып алуды және мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттаулар бар екендігі көрсетілген.

Соттың бұл тұжырымдары бірқатар сот сараптамаларының қорытындыларымен қуатталды.

Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес жеке тұлғалар бірлестігі экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда сот тәртібімен олардың қызметіне тыйым салынуы тиіс.

Экстремизмді насихаттау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады (Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 13 бабы).

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес (131 бап)соттың заңды күшiне енген үкімі анықталған мән-жайларға да, олардың құқықтық бағалануына да қатысты барлық мемлекеттік органдар үшiн мiндеттi.

Айтылғандарды ескере отырып, кеше, 2012 жылдың 20 қарашасында Алматы қаласының прокуратурасы келесі талаптармен және арыздармен сотқа жүгінді:

тіркелмеген «Алға» және «Халық майданы» қоғамдық бірлестіктерін экстремистік деп тану және олардың қызметіне Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салу туралы;

8 газет пен 23 интернет-ресурсын бірыңғай «Республика» бұқаралық ақпарат құралы деп тану және оның шығарылуына және Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу туралы;

«Взгляд» газетінің және оны қайталайтын интернет-ресурстардың шығарылуына және Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу туралы;

шетелдік бұқаралық ақпарат құралы - «К+» телеарнасының және оны қайталайтын интернет-ресурстардың өнімдерінің Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу туралы;

шетелдік бұқаралық ақпарат құралы - «stan.tv» интернет бейнепорталының өнімдерінің Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу туралы.

Прокуратураның талаптарының және арыздарының қаралу нәтижелері туралы сіздер қосымша ақпараттандырылатын боласыздар.

Дереккөз: prokuror.kz

21 қараша 2012, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.