© "Қазақстан жаңалықтары"//Талғат ҒАЛИМОВТАЛДЫҚОРҒАН. 21 қараша. ҚазАқпарат - Владислав Челах сот процесі барысында өз-өзіне қол салмақ болған зат орындықтың пластикті бөлшегі болды.
Облыстық аурухананың дәрігері Аслан Қалибетовтың хабарлауынша, В.Челахтың сол жақ қолының білезігінде аздаған тырналған іздер анықталды. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілді, оның жағдайы қанағаттанарлық. Сот сағат 14:30-ға ауыстырылды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең басталған сот процесінің барысында сотталушы Владислав Челах өз-өзіне қол салмаққа әрекеттенді.
Ол сот залына кескіш затты алып кіріп, онымен қолындағы тамырларын кеспек болды. Бірақ қарауыл қауіпті затты алып үлгерді.
Қазіргі кезде Владислав Челахқа медициналық көмек көрсетілуде. Бұдан басқа, сот залындағы процесс барысында қаза тапқан командир Киреевтің зайыбы есінен танып қалды. Үзіліс жарияланды.
Дереккөз: ҚазАқпарат