Атырау, 26 қараша 10:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мәскеу соты BBC жаңалықтар қызметі мен редакторына айыппұл салды

3 148 просмотра

12 наурызда Мәскеу соты британдық BBC World News қызметі мен оның редакторы Екатерина Якушинаға "баспасөзге қатысты заңнаманы бұзғаны үшін" 36 мың рубль (485 доллар) көлемінде айыппұл салды.

Соттың айтуынша, айыпталушылар балаларға арналмаған контентке қажетті белгі қоймаған және заң талаптарына сай контентті мемлекет мұрағатында тіркетпеген. Істі судья Василиса Лапина қарады. DW сайтының жазуынша, журналист Екатерина Якушенко тағылған бірінші айыпты мойындамаған.

"Біздің Ресейдегі бөлімшемізге 36 мың рубль көлемінде айыппұл салды, бұдан көңліміз қалды. Ережені орындау үшін алдағы уақытта жұмыс істейміз" деді BBC-дің ресми өкілі Интерфакс агенттігіне.

Шағым 21 қаңтарда жарияланған Сириядағы бомбалау, Колумбиядағы есірткі соғысы және АҚШ теңіз күштерінің өкілімен сұхбатқа қатысты.

Дереккөз: Азаттық радиосы


13 наурыз 2020, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.