Жергілікті кәсіподақтардың ұйымдастыруымен Аргентинада 24 сағаттық жаппай ереуіл өтіп жатыр. Бүгін автобус жүргізушілері, пойыз жолсеріктері, банк, әуе компания қызметкерлері, сондай-ақ мұғалімдер мен сатушылар жұмыстарына шыққан жоқ, деп хабарлайды РБК.
Ереуілге қатысушылар қазіргі президент Кристина Киршнердің экономикалық саясатына наразылық білдіруде. Белсенділер жаңа салық реформасынан зардап шеккен жұмысшыларды одан әрі «жымқыруды» тоқтатуды талап етіп көшелерге шықты.
Жаппай ереуіл Буэнос-Айрестегі президент сарайы алдындағы Пласа-де-Майода өтіп жатыр. Наразылық білдірушілер Аргентинаның басқа қалаларында да көшелерге шықты.
Латын Америка мемлекетінің азаматтары салық реформасынан басқа, жоғары қылмыс деңгейіне, инфляция өсіміне және биліктің сөз бостандығына қатысты әрекеттеріне наразылық білдірді.
Дереккөз: bnews.kz