Атырау, 26 қараша 10:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Том Хэнкс әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді

2 599 просмотра


Қазіргі уақытта актер әйелімен бірге Австралияда, ерлі-зайыпты өздерін нашар сезінгесін дәрігерге қаралған.

Танымал америкалық актер Том Хэнкс әйелі Рита Уилсон екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды. 

"Рита екеуіміз қазір Австралиядамыз. Шаршап, суық тигендей болып, денемізде ауырсыну пайда болғанын байқадық. Ритада ара-тұра қалтырау болды", - деп жазды аурудың белгілері туралы актер.

Оның айтуынша, әйелі екеуі коронавирусқа тексерілген.

"Нәтижесі оң болды", - деп жазды Том Хэнкс.

Том Хэнкс – әйгілі америкалық актер, продюсер, режиссер және жазушы. Ол "Forrest Gump", "Cast Away", "Sully", "Saving Private Ryan" фильмдеріндегі рөлдері арқылы көрермен есінде қалды.

Голливуд жұлдызы үздік ер адам рөлі үшін екі рет "Оскар" алған.

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде жаңа коронавирустың таралуын пандемия деп таныды.

Қытай билігі елдегі жағдайдың жақсарғаны туралы хабарлады. Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, елде 15 мыңға жуық адам ауырып жатыр, олардың 97,3%-і Хубэй провинциясында.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда ауру жұқтырған 80 793 адамның 14 831-і әлі күнге дейін ауырып жатыр. Ауру жұқтырған 14 427 адам Хубэй провинциясында тұрады. Ухань ауруханаларында 13 462 адам жатыр, бұл елдегі науқастардың 90,5%-і.

Дереккөз: Sputniknews.kz

12 наурыз 2020, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.